Ақтөбе қаласы маңынан ерекше жәдігерлер табылды
Ақтөбе қаласы маңынан, шамамен, біздің заманымызға дейінгі 5-інші, 6-ыншы ғасырларға тиесілі ерекше жәдігерлер табылды. Қорымға сол заманда Електі бойлай көшкен сарматтар жерленген. Билеуші элитаға тән белгілері бар, дейді археологтар. Қазірге дейін 8 адамның сүйегі табылып отыр. Қабір ішіне сүйек қасық, темірден жасалған қанжар мен қылыш және жебе ұшы қоса жерленген. Табылған заттар бір-біріне ұқсамайды.Кейбірі археология саласы үшін тың жаңалыққа баланып отыр. Жәдігерлердің бірінде қасқырдың басы бейнеленген. Мамандар қола айна, алтын сырға, сақиналардың да тарихи құндылығы жоғары екеніне сенімді. Дәл осы маңайдан үш жыл бұрын кезекті «Алтын адам» табылған еді.
Аслан Мамедов, облыстық өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері:
Зерттеліп болғаннан кейін ары қарай жұмыс жалғасады.Сынған ыдыстар қалпына келтіріледі. Сипаттама беріледі, ғылыми есеп жазылады. Сынған қанжарлар болса, қайтадан кілейленіп, ары қарай жұмыс табылған. Табылған адам сүйектерімен де антропологтар жұмыс істеп, жынысын, жасын анықтау жұмысы жүргізіледі.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22