БАҚ өкілдері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Бүгінгі кәсіби мерекеге орай бірқатар ақпарат саласының өкілдері жоғары марапатқа ие болды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің еңбегін ерекше бағалап, медиа саласының қоғамда маңызды орын алатынын атап өтті. Газет пен телеарна тілшілері, сондай ақ бірқатар арна басшылары «Ақпарат саласының үздігі» атағын алды. Журналист мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының өкілдері, фотосуретшілер мен «Қазмедиа орталығының» техникалық мамандарының да еңбегі еленді. Марапат алғандар қатарында елді толғандыратын әлеуметтік мәселелер туралы материалдар дайындап, тынымсыз еңбегімен көзге түскен Ұлттық арнаның арнаулы тілшісі Әсима Нұрбайқызы да бар.
Әсима Нұрбайқызы, «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі:
Ақпарат саласында жасап жатқан аз ғана еңбегімізді осындай үлкен құрметпен бағалап жатса, әрине, қуаныштымыз. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Халыққа шынайы, шұғыл ақапарат беру үшін алдағы уақытта да еңбектене береміз.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16