Медициналық қызметкерлерді қорғау бойынша жаңа заң жобасы әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық қызметкерлерді қорғау бойынша жаңа заң жобасы әзірленуде

25.06.2021

Дәрігер мен науқас арасындағы даулы істерді реттеу мақсатында тиісті Заң жобасына жаңа толықтырулар енгізіледі. Соңғы үш жылда қылмыстық істердің көбінде дәрігерлердің материалдық жағдайына айтарлықтай шығын келген. Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін медицина мамандары 80 айлық есепті көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Алайда, министрлік өкілдері науқас пен дәрігер арасындағы барлық медициналық инциденттер әділ өтуі керек деген пікірде. Мысалы, әрбір адамның ағзасында бұрыннан бар аурулар болуы мүмкін. Ол асқынған жағдайда дәрігерлер кінәлі болмау керек дегенді алға тартады.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу