Елорда маңындағы аудандарда қосымша шектеулер енгізіледі
Ақмола облысының Нұр-Сұлтан қаласымен шектесетін аудандарында карантин талаптары күшейтіледі. Аршалы, Ақкөл, Шортанды, Целиноград аудандарында Нұр-Сұлтан қаласына қатынап жұмыс істейтін тұрғындар көп. Сондықтан, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 4 ауданда шектеу күшейеді. Дүкендердің жұмыс уақыты 22:00-ге дейін қысқарды. Мекемелерде қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Ал, демалыс күндері елордаға қоғамдық көліктер қатынамайды. Сондай-ақ, сенбі-жексенбіде жабық базарлар мен спорттық нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Қоғамдық тамақтану орындары 20:00-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Тек Ашық жүйесін қолданушыларға жеңілдік бар.
Айнагүл Мусина, Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Эпидемиологиялық тексеріс жүргізгенде Нұр-Сұлтан қаласынан келушілермен байланыста болу жағдайлары көп тіркеледі. Елордадағы ахуал біздің аудандарға әсер етіп тұр. Маусым айында облыстың басқа аудандарына қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы елдімекендерде ауруды жұқтыру көрсеткіші жоғары. Целиноград ауданында 90, Аршалыда 83, Ақкөлде 40. Шортандыда 24 науқас анықталды. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүрміз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16