Өткен тәулікте 1496 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1496 адам коронавирус жұқтырған

24.06.2021

Енді эпидахуал бойынша жалпы статистикаға тоқталсақ. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр. Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Бірақ, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Кеше 1496 адам вирус жұқтырса, 8 науқас қайтыс болған. Вирустық белгілері бар пневмонияға 81 адам шалдығып, 1-еуі көз жұмған. Бүгінде 22 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 400-ден көбі ауыр жағдайда. Екпе алғандар саны 2 млн 920 мың адамнан асты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу