Ұлттық арна журналисі Nur Sunqar сыйлығын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна журналисі Nur Sunqar сыйлығын алды

24.06.2021

Бүгін журналистер мен медиа өкілдері арасында ұйымдастырылған Nur Sunqar байқауының нәтижелері белгілі болды. Сегіз номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында журналистермен бірге блогерлер және шығармашылық ұжымдар да бар. Білікті мамандардың журналистік зерттеулері, сұхбаттары, мақалалары мен желідегі жазбалары қазылар алқасының сынынан өтті. Жалпы байқауға 291 еңбек ұсынылған. Бағы жанғандардың қатарында біздің әріптесіміз,«Qazaqstan» Ұлттық арнасының өкілі Нартай Аралбайұлы да бар. Ол Ютуб үздігі аталымында жеңімпаз деп танылды. 

Хабарламаларға жазылу