Ауғанстанда тәліптерге қарсы қарулы жасақтар құрылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тәліптерге қарсы қарулы жасақтар құрылып жатыр

24.06.2021

Ауғанстандағы бұрынғы моджахедтер мен жергілікті тұрғындар тәліптерге қарсы күш біріктіріп жатыр. Олар Кабулде шеру өткізіп, үкімет әскеріне көмектесетіндерін жариялады.

Елден НАТО күштері шығарылып жатқанда, «Талибан» елдің солтүстігінде шабуылдарды жиілетіп, Тәжікстанмен арадағы Шерхан-Бандар кедендік және сауда өткелін басып алған. Осы жанжал кезінде армияның жүзден астам сарбазы тәжік жеріне өтті деген мәлімет бар.

Соңғы күндері тәліптер мен мемлекет армиясы Құндыз, Балх, Фариаб провинцияларының астаналары үшін соғысты.

Мұндағы Батыс контингенттері мамырдың 1-де әкетіле бастады. Олар кеткеннен кейін Ауғанстанда азаматтық соғыс қайта жанданады деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу