Павлодар облысында аудан халқы екпе салдыруда белсенділік танытып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында аудан халқы екпе салдыруда белсенділік танытып жатыр

24.06.2021

Павлодар облысында бірқатар ірі кәсіпорындар вакцина салдырған жұмыскерлерінің еңбек демалысын ұзартып жатыр. Және кәсіподақ арқылы санаторилерге жолдама алдымен екпе салдырған адамдарға беріледі. Ал, аудандар арасында Железинка тұрғындары белсенділік танытып жатыр. Орталықтағы ауруханаға күніне 100-120 адамға дейін келеді.

Людмила Кузьменко, зейнеткер: 
Әлі де өмір сүргім келеді. Бірақ жасы келген адамды сан түрлі аурудың шыр айналдыратыны рас. Сондықтан вацина алып, иммунитетімді көтеріп алғаным дұрыс қой. «Спутник V»  салдырдым. Өзімді тамаша сезініп тұрмын.

Ауылдық жерлерде вакцина тапшылығы жоқ. Тұрғындар Қазақстанда рұқсат етілген 4 вакцинаның кез-келгенің таңдай алады. Облыста барлығы 97 мың адам екпе алды.

 Гүлбарам Оспанова, Железин аудандық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы: 
Басында бізде «Спутник V» сұранысқа ие болды.Содай кейін бізге Hayat VAC келіп еді, оны да жақсы алып жатыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу