Шамадан тыс жүк тиегендер 75 млн теңге айыппұл арқалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шамадан тыс жүк тиегендер 75 млн теңге айыппұл арқалады

24.06.2021

Жол сапасының төмендеуіне ауыр көліктердің шамадан тыс жүк тиеп жүруі себеп.

Алайда жүргізушілердің көбі мұны ескермейді, белгіленген ережені елемейді. Осылай деген Ұлттық сапа орталығы мен көлік бақылау инспекциясының мамандары республикалық маңызы бар жолдарда көліктерді тексеруге көшкен. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар, арнайы таразының көмегімен жүктің салмағын анықтайды. Белгіленген мөлшерден асып кетсе, қатаң шара қолданады. Осындай үздіксіз түсіндіру мен тексерулердің нәтижесінде ғана жол сапасын сақтаймыз дейді мамандар. Айта кетейік, өткен жылы Алматыда 1 мыңға жуық заң бұзушылық анықталып, жүргізушілерге 75 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Мәулен Әліпов, Жол активтері ұлттық сапа орталығы алматы қалалық филиалының директоры:
Ауыр жүк көліктерінің мөлшерден артық жүкті тиеп жүруі жолдың жабынының ығысуына, калья болуына және жарықтар пайда болуына әкеліп соғады. Одан кейінгі мәселе көлік көбірек жүрген уақытта ол да зиян болады жолға. Сондықтан бірлескен шараларға шығып жүрміз.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу