Кеше еліміз бойынша 36 мәслихат депутаты сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеше еліміз бойынша 36 мәслихат депутаты сайланды

27.03.2017

Кеше еліміз бойынша түрлі деңгейдегі Мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Саяси науқан мәслихаттан түрлі себептерге байланысты шығып қалған депутаттардың орнын толтыру мақсатында жүргізілді. Нәтижесінде, ел бойынша облыстық 13, қалалық 9, аудандық мәслихатқа 36 депутат сайланды.

Ұйымдастыру жұмыстарымен 2 облыстық, 1 округтiк және 7 учаскелiк сайлау комиссиялары айналысқан. Конституция мен заң талаптарына сай дауыс беру нәтижесі 5 тәуліктің ішінде белгілі болады. 

Майра АЙТБАЙ

Хабарламаларға жазылу