Мәжілістің алғашқы сессиясы қорытындыланды
Бүгін жетінші шақырылған Парламент Мәжілісінің алғашқы сессиясы аяқталды. Төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сессия барысында мәжілісмендер 10 заң жобасын әзірледі. 230-дан аса депутаттық сауал жолданды. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды. Сессия аяқталғанымен депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдарға барып, сайлаушылармен кездеседі.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:Осы сессиядағы жаңа және нақты қадамдар Мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты. Соның нәтижесінде Мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Көптеген парламенттік шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолда біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық. Оның барлығы халқымыздың өмір сапасын артыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жапония қару экспорттауға шектеу күшін жойды
21.04.2026, 13:32
Жаркентте көпқабатты үйлерді жөндей бастады
21.04.2026, 13:22
Қос міндетті қатар атқарған маман
21.04.2026, 13:20
Тегеран талабы қандай?
21.04.2026, 13:18
«Шындығын жоғалтпаған ақын» деректі фильмін көріңіз
21.04.2026, 13:15
Халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 13:13
Ерекше баласы бар отбасыларға қолдау артады
21.04.2026, 13:10
Қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 35 пайызға артты
21.04.2026, 13:07