Талдықорғанда 60 тәртіп сақшысына пәтер берілді
Қызылжарда полиция қызметінің автопаркі жаңа көліктермен толықты.
Мерекелік шарада учаскелік инспекторларға зауыттан жаңа шыққан автомобильдердің кіттері табысталды. Отандық «Chevrolet Cobalt» көліктері шалғайдағы ауылдарға жол тартады. Оларды сатып алу үшін облыс қазынасынан 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.
Марат Төлебаев, СҚО ПД бастығы:Отандық 86 «Chevrolet Cobalt» автокөліктері облыстық бюджеттен лизингке алынды. Жаңа қызметтік автөкөліктер аудандық полиция бөлімдеріне, әсіресе алыс жатқан ауылдардағы учаскелік инспекторларына беріледі. Бұл полицейлердің облыстағы құқықтық тәртіпті нығайтуына ықпал етеді.
Ал Талдықорғанда полиция күніне орай сала қызметкерлері баспаналы болды. 60 тәртіп сақшысына жаңа пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Ұзақ уақыт үй кезегінде тұрған полицейлер енді алаңсыз қызмет етеміз деп қуанып отыр. Ішкі істер саласын модернезициялау бағдарламасы бойынша алдағы уақытта полиция қызметкерлеріне баспана салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16