Түркістан облысында тауда жоғалған туристер өлімі бойынша болжамдар айтылды
Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» шатқалында мәйттері табылған төрт туристің өліміне қатысты алғашқы болжамдар айтылды. Мамандардың айтуынша, төртеуі қол ұстасып, Өгем өзенінен бірге өтпек болған кезде суға ағып кетуі мүмкін. Ал, екінші болжам : олар өзеннің тастақ жері Таскөпірден өтпек болғанда біреуінің аяғы тайып, ағып кеткенде қалғандары құтқарамыз деп жанталасқан болуы ықтимал. Ал, үшінші болжам: туристер аюлардан қорыққан болуы әбден мүмкін. Өйткені сол маңдағы Аюсай деген жерде жылдың осы мезгілінде жыртқыштар өте көп жүреді. Қазір олардың қонжықтарын қыдыртып, табиғатқа бейімдейтін кезі дейді мамандар. Сондықтан олар жабайы аңды кездестіргенде суға секірген болуы мүмкін.
Ерік Сарыбаев, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Осы төңіректе аюларды өте көп кездестірдік іздестіру барысында. Бір жиырмадан аса аюды көрдік. Ал аюдың өзінің тән қасиеті - балалары үшін өте агрессивті болатын кезі екен. Мүмкін бұл жігіттер өзенді бойлап жүрген кезде алдарынан аю шығып қалды ма, содан қорыққанынан суға секіріп кетті ма деген жағдайларды қарастырдық.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16