Түркістан облысындағы жанармай тапшылығы диқандарды да тығырыққа тіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы жанармай тапшылығы диқандарды да тығырыққа тіреді

22.06.2021

Түркістан облысындағы жанар-жағар май мен сұйытылған газ тапшылығы диқандарды да әбден тығырыққа тіреді. Шаруалар өнімдерін жинап болған кезде экспортқа шығара алмай отыр. Мәселен қазір бірнеше ауданда газ да, жанар май да жоқ. Болған күннің өзінде бағасы 200-300 теңгеге бір-ақ жеткен. Тілшіміз Айнұр Ақбаева аймақтағы жағдайды баяндайды.

Бұл Түркістан облысының Жетісай ауданынан түсірілген көрініс. Ерте көктемнен қауын егіп, еңбектенген диқандар енді жинаған өнімдерін басқа қалаларға жеткізе алмай, шығынға батуда.

Экспортқа шығарылатын қауындар осылайша жерде жатыр. Жанар-жағармай бірер күнде жеткізілмесе ала жаз еңбектенген диханның еңбегі еш кететін түрі бар.

Дәл осындай жағдай көршілес Мақтаарал мен Шардара аудандарында да қалыптасып отыр. Нағыз керек кезінде дизель отынын дихандар ақшаға таппай жүр. Жағдай ушыққан соң бүгін өңірде шұғыл жиын өтті. Жауаптылар дизель отыны мен безнин проблемасы алдағы бір аптада шешіледі деп уәде етті. Алайда диқандар үшн бір апта тым ұзақ уақыт.

Сержан Тастанбеков, «Мақталы жер» шаруашылығының атқарушы директоры: 
Бір аптаны күте алмаймыз. Бір күн екі күнде шешілу керек бұл мәселе. Өйткені бір аптада қанша қауын, қанша қарбыз ағып кетеді.
Аслан Ибадуллаев, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы: 
Бұл мәселе талқыланып ресми органдар тарапынан назарға алынды. Өз тарапымыздан Атамекен палатасы энергетика министрлігіне ұсыныс жолдаймыз, 1 апта емес, тез арада шешу туралы.

Шаруалар жанар-жағар май мәселесі шешілген жағдайда алдымен ірі операторларға емес, ауыл ішіндегі ұсақ газ құю бекеттеріне берілсе дейді. дизельдің тапшылығынан қазір алыс жолға жүретін көліктер де бағаны екі есе шарықтатып жіберген.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу