Батыс елдері Беларуське жаңа санкция жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс елдері Беларуське жаңа санкция жариялады

22.06.2021

АҚШ, Еуропа Одағы, Канада және Ұлыбритания Беларуське қарсы жаңа санкциялар жариялады. Бұл жазалау шаралары президент Александр Лукашенко мен оның айналасындағылар өткен айда Рай-Ан-Эйр компаниясы ұшағының бағытын мәжбүрлеп Минскке бұрып, журналист Роман Протасевичті тұтқындады деген себеппен қабылданып отыр.

Дүйсенбі күні одақтың сыртқы істер министрлері мәлімдегендей, осы жолғы санкцияға Беларусь экономикасының негізгі секторлары ілігеді. Солардың қатарында тыңайтқыштар мен мұнай және мұнайхимия өнімдері экспорты, темекі өнеркәсібі және қаржы саласы бар. Бұған қоса, шектеуге елдің 76 азаматы алынады. Олардың тізіміне Беларусьтің қорғаныс және көлік министрлерінің есімдері енгізілген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу