Еліміздің батыс аймағында 42 градус ыстық болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің батыс аймағында 42 градус ыстық болуы мүмкін

21.06.2021

Елімізде батыс аймағында алдағы үш күнде 42 градус ыстық болуы мүмкін. Синоптиктер сақ болуды ескертті. Ал солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста керісінше найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ, екпінді жел соғады. Тіпті, Шығыс Қазақстан облысындағы 6 ауданда сел жүру қаупі бар. Ол аймақтарда ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу