Иранның жаңа президенті халқына қызмет етуге уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранның жаңа президенті халқына қызмет етуге уәде берді

21.06.2021

Иранның жаңа сайланған президенті Ибрахим Раиси елді халықаралық санкциядан босатуға күш салатынын мәлімдеді. 60 жастағы лидер жұма күні өткен сайлауда жеңіске жетті. Оны дауыс беруге қатысқан 29 миллионға жуық адамның 18 миллионға таяуы қолдаған.

Раиси барлық ирандықтардың президенті болуға уәде беріп отыр. Оның инаугурациясы тамыз айының басында өтуге тиіс.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу