Қосшы ауылына қала мәртебесі қашан беріледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосшы ауылына қала мәртебесі қашан беріледі?

18.06.2021

«Орталық жылыту қазандығы жоқ жалғыз облыс орталығы ол - Көкшетау. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев алдағы уақытта энерго-жылыту орталығының құрылысы басталатынын мәлімдеді. Оған дейін «көкшетау аристондар» қаласы болып қала бермек. Брифинг барысында өңірдегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті тауар өндірушілерге 1,1 млрд теңге займ берілгені белгілі болды. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 600 млн теңге қосымша бөлінген. Облыс орталығында «KOKSHE MARKET» әлеуметтік павильондар желісі кеңейіп келеді. Онда тұрақтандыру қорының тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Ермек Маржықпаев, аймақта ет және сүт шаруашылығына басымдық берілгенін айтты. Биыл 6 мың бас асыл тұқымды ірі қара малды сатып алынбақ. Сондай-ақ, етті фермаларды құру бойынша 112 жобаны жүзеге асады. Сонымен қатар 4 мың бас малды құрайтын 19 сүт фермалары бар. Осы орайда әкім облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері тұрақты түрде елордаға азық-түлік өнімдерін жеткізіп жатқанын айтты. Облыс әкімі Елорда іргесіндегі Қосшы ауылының қашан қала статусын алатынын да айтты.

Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі: 
 Біз Қосшы ауылында 60 мыңнан астам адамның тұратынын жақсы білеміз. Мұны бәрі растайды. Бірақ адам басын санай бастағанда, қала мәртебесі берілуі үшін бізге 50 мың тұрғын тіркелуі керек. Екі жарым ай ішінде біз бұл мәселемен айналыстық, адамдар тіркелгісі келмейді. Олар Нұр-Сұлтанға тіркелгісі келеді, бірақ Қосшыда тұрады. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу