Қаржы министрлігі Есеп комитетіне ресми жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы министрлігі Есеп комитетіне ресми жауап берді

18.06.2021

Қаржы министрлігі дағдарыс кезінде қосымша кірістер көлемінің төмендеуіне жол бермей, керісінше, жоспарланған кірісті 1,5 есеге арттырды. Бұған дейін, есеп комитеті өткен жылы жоспарланған қосымша түсімдердің 7 есе төмендегенін хабарлаған. Қаржы министрлігі есеп комитетінің баяндамасында көрсетілген бұзушылықтар саны артты деген мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді. Бұл өңірлерде тексеру комиссияларының нәтижелі тексерулер ауқымының артуымен байланысты екенін айтты. Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың былтыр 296 млрд.теңге көлемінде қаражатты тиімсіз жұмсағаны анықталды. Керісінше, қалған мемлекеттік аудит органдарының қаражатты тиімсіз пайдалану деректерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Осылайша, Есеп комитеті анықтаған бұзушылық фактілері 32% -ға, ал ішкі мемлекеттік аудит органдары 3 есеге азайды. Қаржы министрлігі ұлттық қорға жіберілуі тиіс барлық салықтар мен басқа да төлем түрлері толық қорға аударылғанын алға тартып отыр. Ұлттық қордың активтері 2020 жылы 744 млрд теңгеге артып, 28,2 трлн теңгеге жетті.

Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы вице-министрі:
Есеп комитеті сондай-ақ мемлекеттік қарыздың өсуіне назар аударып, оның ЖІӨ-ге қатынасы 29,4% жетіп, фискалдық саясат тұжырымдамасында белгіленген 27% шегінен асып кеткенін атап өтті. Жалпы мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген шектен және еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында көрсетілген көрсеткіштен (ЖІӨ-нің 50%) аспайды. Қалай болғанда да, барлық қарыз көрсеткіштері сол қалыпта сақталады және қауіпсіз деңгейде болады.

Есеп комитетінің есебінде артық төлемдер проблемасы да көрініс тапқан. Қаржы министрлігінің мәліметінше, жеке шоттардағы артық төлемдерді толығымен жою мүмкін емес. Мұндай тең кірісті қамтамасыз ету халықаралық тәжірибе де бар. Жалпы, есепті кезеңде аванстық төлемдердің 28,5 млрд.теңгеге кемуі дағдарыс кезеңінде компаниялардың кірістерінің төмендеуімен тікелей байланысты.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу