Интернеті жоқ ауылдар халық санағына офлайн қатысады
Қостанай облысында Ұлттық халық санағына интернетсіз отырған ауылдар офлайн режимде қатысады. Аймақта байланыс жиырмадан астам шекаралық және шалғай елді мекенде жоқ. Қазір науқанның дайындық кезеңі аяқталуға жақын. Мамандар 320 мыңдай тұрғын үй мен саяжайдың жартысын аралап, есеп учаскелерін бөлуге кірісті. Естеріңізге сала кетсек, бірінші қыркүйектен басталатын халық санағы онлайн форматта өтеді. Яғни, тұрғындар sanaq.gov.kz сайтындағы 87 сұраққа жауап беру тиіс. Ал қашықтан өтуден қаламаған немесе интернеті жоқ үйлерді планшетпен аралап есепке алады.
Айбек Ғалымжанов, облыстық Статистика департаментінің басшысы:
Кейбір елді мекендерде интернет әлсіз болуы мүмкін. Сол кезде тағы бір опция қарастырылған. Ол оффлайн дейді. Біз сол оффлайн режимімен жұмыс істейміз де, күні бойы үй шаруашылықтарын аралап, кешкі уақытта жұмыс біткесін жергілікті әкімшілікке келіп, солардың компьютерімен қорғалған жүйе бар сол арқылы орталық серверге өзіміздің мәліметтерімізді жүктейміз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16