Қуаңшылыққа қатысты шұғыл шаралар қабылданды
Осы қуаңшылыққа байланысты бүгін ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері түсініктеме берді. Олардың айтуынша, мал басының шығыны анау айтқандай көп емес. Шығын негізінен жекелеген тұрғындардың қорасында тіркелген. Сондықтан қуаңшылық күзде ет бағасының қымбаттауына еш әсер етпеу керек деген болжам жасады. Дегенмен, мал қырылған жеке шаруашылық өкілдері мен фермерлік шаруа қожалықтарына қаржылай көмек қарастырылған. Қызылорда, Түркістан мен Маңғыстау облыстарында жергілікті әкімдіктер тарапынан өңір малшыларына арзандатылған жем-шөп жеткізу бойынша шұғыл шаралар қолға алынды.
Қайрат Мутаев, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары:Арзандатылған арпа азық-түлік корпорациясының бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысының қожалықтарына жеткізілетін болады. Осы өңірдің шаруа қожалықтары жоспарланған 1,730 тоннаның 630 тоннасын маусымның 20-сында алатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16