Аралда шаруаларға мың тоннадан астам жем-шөп жеткізілген
Аралда топырақтың құнарсыздығы анықталса, ауданда төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Тексеру қорытындысы аяқталуға жақын. Ал, әзірге қуаңшылықтың зардабын тартқан шаруаларға мың тоннадан астам жем-шөп жеткізілген.
Мамандар жайылымдық жері қурап кеткен ауылдарды үш аймаққа бөлді. Соған сәйкес, 4 елді мекен мал ұстауға біршама қолайлы деп танылса, 13 ауылдың маңында төрт-түлік жейтін шөп жоқ. Яғни, жайылымдардың 95 пайызы тақырға айналған. Мал азығынан тарыққан шаруалар болса, ауданда төтенше жағдай жариялануын сұрайды. Қуаңшылыққа байланысты бюджеттен қаржы бөлінсе бірінші кезекте жем-шөм тасымалының шығыны өтеледі. Сондай-ақ, жайылымдардағы суаттардың көзін ашу қолға алынады.
Еркін Әбішев, Арал ауданы әкімінің орынбасары:Төтенше жағдай жариялауға байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Келісімдер алына бастады. Қазір соңғы инстанция аудандағы «сары», «қызыл» аймаққа енгізілген елді мекендердің топырағының құрамы бүгін сараптама толық бітеді кешке дейін. Бірінші кезекте, біз қожалықтардың жем-шөбін тасымалына көмектескіміз келеді.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05