Былтыр бюджет шығындарының 15 пайызы ғана дамуға бағытталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр бюджет шығындарының 15 пайызы ғана дамуға бағытталған

17.06.2021

Бытыр бюджет шығынының 61 пайызы ағымдағы мұқтаждықтарға жұмсалған. Тек 15 пайызы ғана даму мақсаттарына бағытталды. Былтырғы бюджет талқыланған сенат отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Әсіресе, карантин шаралары кезінде халықты, медицинаны және кәсіпкерлерді қолдауға қыруар қаржы жұмсалған. Сыртқы қарыз өсіп, ұлттық қордың кірісі төмендегені де белгілі. Ал, қазір экономика тұрақталды. Сондықтан, бизнес өкілдеріне қолдауды арттырып, өндірістің жаңа көздеріне қаржы құю маңызды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Экономикадан түсетін таза кірістер Республикалық бюджеттің шығыстарын жаппай отырған қазіргі жағдайымызда өсу драйверлеріне баса мән беру керек деп есептейміз. Яғни бюджет қаражастын өндіріс кәсіпорындарын салуға немесе реконструкциялауға, инфроқұрылымға, коммуникацияға бизнесті кредиттеу мен субсидиялауға және тағы да басқа инвестициялық бағыттарға бағыттаудың маңызы зор.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу