Саумалкөл көлінің жағасынан 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды
Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді. Бұл жолы жабайы құстар қырылған. Айыртау ауданындағы Саумалкөл көлінің жағасынан 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды. Сараптама құс тұмауын растады.
Нариман Тасболатов, Ветеринария басқармасының бас маманы:Жеке адамдардың үйлерінде құс тұмауы тіркелген жоқ. Үй құстарының ішінде. Табылған құстардың саны аз болғандықтан, карантиндік шарасы енгізілмейді. Профилактикалық іс-шара ретінде вакцинациялау жұмыстары жүргізілді, осы Саумалкөл ауылында және Краснагорка ауылында. Барлығы 5700 бас құс вакцинацияланды.
Өткен жылы теріскейде үй құстары жаппай ауырып, салдарынан 900 мыңға жуық қанатты қырылып қалған еді. Оның 800 мыңнан астамы құс фабрикаларында тіркелсе, қалғаны тұрғындарға тиесілі. Өлекселерді жоюға және құс иелеріне өтемақы төлеу үшін 960 млн теңгеден артық қаражат бөлінді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16