Ақтөбеде қарбыз құрамындағы нитраттың шамадан тыс көп екені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қарбыз құрамындағы нитраттың шамадан тыс көп екені анықталды

17.06.2021

Ақтөбеде оңтүстіктен келетін қарбыз құрамынан нитраттың шамадан тыс көп екені анықталды. Яғни, ол адам денсаулығына өте зиянды.

Қаладағы коммуналдық базардың қызметкерлері қарбыз құрамындағы нитраттың шамадан үш есе көп болғанын айтады. Сондықтан алғашында өнімді сатуға рұқсат бермеген. Алайда, соңғы тексеріс оң нәтиже көрсеткен. Қазір қарбыз барлық жерде кедергісіз саудаланып жатыр.

Асқар Қойлыбаев, коммуналдық базардың басшысы:
Жақын арада өзіміз былай ресми емес сараптама өткіздік.  Нитрат жоғары болды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу