Жамбыл облысында автогаз тапшы
Жамбыл облысында автогаз тапшы. Жұрт бір аптадан бері көлікке газ құя алмай сандалып жүр. Газ құю станцияларында сұйытылған газ тек талонмен беріліп жатыр. Баға 75-тен 85 теңгеге көтерілген. Өңірге бір айға, шамамен, 5 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газы қажет. Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ішкі нарықты Шымкент қаласындағы зауыт қамтамасыз етуі тиіс. Алайда бұл өндіріс орнында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Салдарынан аймаққа автогаз жеткізілмеген. Мамандардың айтуынша, жағдай тұрақталған соң бағаны қымбаттатқан станциялар тексерілмек. Егер негізсіз көтергендер анықталса, жауапкершілікке тартылады.
Мәулен Қожақов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
Сұйытылған мұнай газдың қажеттілігіне байланысты Ақтөбе, Атырау және Шымкент қаласындағы зауыттармен келіссөздер жүргізіліп облысқа ішкі нарықтан бөлек қосымша жолдау бойынша келіссөздерге қол жеткізілді. Жақын күндері аталған қосымша газ көлемдері облысқа жеткізіліп бағаны тұрақтандыруға алып келеді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08
Жалпыұлттық онлайн-марафон өтті
24.08.2026, 10:07
Партия жетекшілері сайлау қорытындысын оң бағалады
24.08.2026, 10:06
Exit poll нәтижесі
24.08.2026, 10:04
Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
24.08.2026, 10:02
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
24.08.2026, 10:02
Соңғы сайлау учаскесі жабылды
24.08.2026, 10:00