Таеквондо: Финалға шыққан егіздер төбелесуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таеквондо: Финалға шыққан егіздер төбелесуден бас тартты

16.06.2021

Қызылорда облысында таеквондодан өткен турнирде спорт сүйер қауым қызықты оқиға куә болды. Жарыстың ақтық бәсекесіне шыққан қыздар бір- бірімен төбелесуден бас тартып, жеңімпазды өздерінше анықтамақ болды.

Қармақшы ауданында өткен республикалық додада қарсылас шақ келтірмей, финалға шыққан Алматы облысының спортшылары апалы-сіңілі егіздер болып шықты. Бас жүлде үшін текетіресте бір үйдің қыздары жұдырық түйістіргісі келмегенімен, ережеге сәйкес бас төреші оларға ескерту жасап, ақыр соңында егіздерге жекпе-жекке шығуға тура келді.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу