Азық-түлік бағасын қолдан өсірушілерге бақылауды күшейту қажет
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауына сараптама жүргізу қажет. Сонымен қатар, жеткізіп беруші мен сатушының бағаны қолдан өсіруіне қарсы шараларды ширату керек. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасына жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. Соңғы 4 айда монополияға қарсы қызмет органдары жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, ет, сүт өндірушілер мен жеткізіп берушілерге 48 ескерту жасаған. Олар келісу арқылы бағаны қымбаттады деген күдікке ілінген. Бірақ нәтиже жоқ.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін нақты шараларды қолға алу керек деп есептеймін. Монополистерді қатаң бақылауға алу қажет. Жақында Ресейдің Премьер-министрі бағаның шарықтауын өндірушілердің сараңдығымен байланыстырған болатын. Бізде де солай. Бәсекелестікті қорғау агенттігі қайда қарап отыр? Министрліктердің де жұмысынан халық оң нәтиже көріп отырған жоқ.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16