Алматыда тұрғындар барахолка маңындағы жолды жауып тастады
Алматыдағы O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары түнде барахолка базары маңындағы жолды жауып тастады. Соның салдарынан көше бойында ұзын-сонар кептеліс болды. Солтүстік айналма жолына шыққан 50-ге жуық адам үйлерінің ыстық судан ажыратылғанына наразылық білдірді. Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, O-Jet тұрғын үй кешенін басқаратын Alpha management Services мекемесі ҚазТрансГаз Аймақ компаниясына газ қызметі үшін 1 жарым миллион теңгеге жуық қарызданған. Аталған компания жауапты мекемеге хат жолдап, ыстық су мен жылыту қызметінің ақысын 14 маусымға дейін өтеу керек екенін ескерткен. Осылайша, Alpha Management мекемесі кеше суды тоқтатып тастаған. Айта кетейік, жол жабылғаннан кейін тұрғындарға көп ұзамай ыстық су қайта берілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16