Отандық QazCoVac-P вакцинасы клиникалық сынақтан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық QazCoVac-P вакцинасы клиникалық сынақтан өтіп жатыр

16.06.2021

Елімізде ковидке қарсы тағы бір жаңа вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр. QazCoVac-P деп аталатын екпені Қордай ауданындағы «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» әзірлеген. Отандық ғалымдар қазір жаңа препараттың I және II фазасын сынауға кіріспек. Мамандардың айтуынша, вакцина өзге екпелер тәрізді тірі патогенді компоненттерден тұрады. Вакциналау жұмыстары Тараздағы қалалық ауруханада жүргізілмек. Ол үшін 244 ерікті қажет. Еріктілердің жас аралығы 18 бен 50 жасты құрауы тиіс. Қазір волонтерларды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.

Нұрлан Әбілдаев, қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:
Бұл зерттеуге 144 адам қатысу керек. Бірінші оларды скрингтен өткізуіміз керек. Скринигте көп нәрсе анықталады. 

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу