СҚО-да бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар ұсталды
Солтүстік Қазақстанда бір үйір жылқыны айдап әкеткен барымташылар ұсталды. Мал ұрлығы өткен жылдың қарашасында тіркелген. Уәлиханов ауданы Қазанғап ауылы тұрғынының жайылымда жүрген 40 жылқысын үптеп кеткен. Шығын сомасы 15 миллион теңгеге бағаланды. Жоғалған жылқылардың екеуі Ақмола облысының Зеренді ауданы тұрғынының қорасынан табылды. Иесі малын таңбасынан таныған. Осылайша полицейлер қылмыстық топтың ізіне түскен. 5 күдікті бірнеше күн бойы кезектесіп жылқыларды Ақмола облысына айдап апарып, сол жерде бөлісіп алған.
Руслан Назаров, СҚО ПД бастығының орынбасары:
Ұрлыққа қатысты төрт Ақмола обысының және бір Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары әшкереленді. Барлық күдіктілер қазіргі уақытта қамауға алынды.Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16