Нүркен Мырзағалиев: Португалия құрамасы басты фаворит - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нүркен Мырзағалиев: Португалия құрамасы басты фаворит

15.06.2021

Венгрия мен 2016 жылы Еуропа чемпионы атанған Португалия құрамасы бүгін Будапеште сағат 21:50-де кездеседі.  Бір қызығы екі құрама 4 жыл бұрынғы Еуропа чемпионатында дəл осы F тобына бірге түсіп, плей-оффқа шыққан еді. Португалияның үздік сұрмергені Криштиану Роналду бүгінгі ойынның жұлдызы болары сөзсіз. «Ювентус» ойыншысы Еуропаның 5 чемпионатына қатысқан алғашқы футболист. Ал бүгінгі ойында Фернанду Сантуш бастаған Португалия ірі есеппен жеңеді дейді Нүркен Мырзағалиев.

Нүркен Мырзағалиев, спорт журналисі:
Португалия құрамасы басты фаворит. Олар жеңіске ойнайды. Венгрия құрамасы енді ортаңқол командалардың бірі. Құрамында жұлдыздары жоқ. Олар енді көбінесе тактикалық жағынан дисциплинаға үміт артатын сияқты.



Хабарламаларға жазылу