EURO 2020: Португалия жеңіске жетуі мүмкін - сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2020: Португалия жеңіске жетуі мүмкін - сарапшы

15.06.2021

Көптен күткен Еуропа чемпионатында бақ та, бап та сыналады. Кәрі құрлықтағы тартысты бәсекеге кіл мықтылар жиналған. Жеңіс тұғырынан көрінетін құраманы дөп басып айту да, болжау да қиын.  Чемпионаттың алғаш рет 11 елде өтуі – әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол жанкүйерлері үшін үлкен сый болды. Атағынан ат үркетін спортшылар арасында жаңа есімдер де бар. Бапкерлер оларға үлкен үміт артып отыр. Оның үстіне бірнеше құрамалар топтық кездесулерін өз алаңында өткізеді. Мұның оларға теңдессіз қолдау болары сөзсіз. Десек те, чемпионатта тұсауы кесілетін Финляндия мен «Уэлс» құрамасына үлкен үміт артылған.

Ерсін Ерік, спорт комментаторы:
Кіп-кішкентай ғана ел Еуропа чемпионатына қатысып отырған. Бір бағы жанса деген ойдамын. Ал негізі чемпион болады-ау деген команда Португалия секілді. Өзінің 2016 жылғы жетістігін қайталайды. Барлығын уақыт көрсетеді.


Хабарламаларға жазылу