Үкіметте экологияны жақсарту мәселелері қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте экологияны жақсарту мәселелері қаралды

15.06.2021

Елімізде электр көліктерін қуаттау стансалары артпақ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша бұл тоқпен жүретін темір тұлпарлардың көбеюіне жол ашады.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: 
Тиісті инфрақұрылымды құру мақсатында электр көліктерін зарядтау стансаларын дамыту бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 100-ден астам зарядтау стансалары жұмыс істейді. Биыл ұзындығы үш мың км қалааралық трассаларда 46 жаңа электр көліктерін зарядтау стансаларын орнату жоспарланған.
Бүгін Үкіметте экологияны жақсарту мәселелері қаралды. Сала министрінің айтуынша тіркелген 4 миллионға жуық жеңіл көліктің 64 пайызы ескірген. Сондай ақ екі жарым мыңнан астам заңсыз қоқыс алаңдарын жою қажет. Орман алқабын арттырудың 2021-25 жылдарға арналған жоспары бар. Әзірге 80 миллион ағаш отырғызылған. Аралдың маңайына да сексеуіл отырғызу көзделген. Сондай-ақ Үкіметте 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жоспары бекіді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Оны іске асыру нәтижесінде жазатайым оқиғалардың жиілігі коэффициентің азаюы, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар үлесінің азаюы күтіледі. +00:12 Әрбір жарақаттану жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігінде мұқият талданып, қорытындысы бойынша оларды барынша азайту үшін кешенді шаралар әзірленуі тиіс.
Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу