Еуропа мен Америка кәсіпкерлері алдағы 5 жылда ешқандай тарифсіз сауда-саттық жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа мен Америка кәсіпкерлері алдағы 5 жылда ешқандай тарифсіз сауда-саттық жасайды

15.06.2021

Еуропалық Одақ пен АҚШ 17 жылға созылған Boieng пен Airbus арасындағы текетіреске және трансатлантикалық сауда соғысына нүкте қойды. Брюссельде өткен Еуроодақ-АҚШ саммитінде тараптар кезінде Трамп бекіткен құны 11,5 млрд долларлық тарифтің күшін жоюға уағдаласты. Енді, Еуропа мен Америка кәсіпкерлері алдағы 5 жылда ешқандай тарифсіз сауда-саттық жасайды. Басқосуда тараптар бұдан былай сандық технологияны дамыту, пандемиядан кейінгі қатынасты жаңа деңгейге көтеру жайын да талқылады. Брюссель мен Вашингтон климаттың өзгеруі, басқа да жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы бірігіп әрекет етуге келісті.

Джо Байден, АҚШ президенті: 
Еуропа-біздің нағыз серіктесіміз. Біз ортақ демократиялық қағидаларды ұстанамыз . Америка келіссөздерге оралды. Ковидтен кейін енді біз жаңа технологияларды дамытып, еуропалық, америкалық жұмысшыларды жақсы жұмыспен қамтамасыз етіп, халықтың тұрмысын жақсарту жолында ынтымақты нығайтуға дайынбыз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу