Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр

15.06.2021

Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау вице-министрі Жалалидин Рахматуллаев мәлімдеді. Пандемия басталғалы мұнда эпидемиологиялық жағдай екі рет ушықты. Өткен жылдың шілде және қараша айларында ауру асқына түскен. Министрліктің өкілдері эпидемиямен күрес шараларының қарқынды екенін айтты. Қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін қосымша кадрлық резервтер дайын, науқастарды орналастыратын төсек-орындар әзірленген. Қырғызстанда былтыр алғашқы ауру жұқтыру дерегі наурызда тіркелген еді. Ал шілде-тамыз айларында жағдай ушығып, вирус жұқтырған науқастар саны көбейген. Бүгінде індетке шалдыққандар саны 111 мыңнан асты. 2 мыңға жуық тұрғын қайтыс болған.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу