Алматы облысында 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды
Алматы облысында мас күйінде көлік тізгіндеп, төрт оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен кінәлі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы толығырақ өңірдегі тілші Нұрхан Нұрланұлы баяндайды.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:
55 жастағы азамат Әсет Демесинов мас күйінде көлік тізгіндеп, екі адамның өліміне себепкер болғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылумен қатар, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан да айырылды. Сондай-ақ, ол қазақ тапқан оқушылардың бірінің ата-анасына 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді. Дегенмен, соттың бұл шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сот үкіміне кінәлі мен қаза тапқан оқушылардың туыстары қатысты. 55 жастағы азамат өз кінәсін толық мойындап, зардап шеккендердің жақындарынан кешірім сұраған. Алайда, оқушылардың ата-аналары оны барынша қатаң жазаға тартуды талап етті.
Мика Садирова, жәбірленуші:
Бірақ он жыл әрине аздық етеді. Бірақ енді заңнан аттап түсе алмаймыз.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:
Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға Наурыз айында Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында болды. Ішімдік ішкен жүргізуші жол бойында кетіп бара жатқан оқушыларды қағып кеткен еді. Жол апатының салдарынан төрт жасөспірім зардап шеккен. Бір оқушы 14 наурыз күні, екіншісі 4-ші сәуірде аудандық ауруханада көз жұмды. Бір қыз бала оқиға болған күні дәрігер қарауынан кейін үйіне қайтарылса, тағы бір оқушы Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында ұзақ уақыт ем алып, үйіне жіберілді.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев:: «Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс»
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00