Батыс Қазақстанда «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті
Батыс Қазақстанның Теректі ауданында «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті.Сайысқа түскендер бал татыған сары қымызды сапырып, жасалу әдісін жарыса айтты.
Саумал ішуден жарысқандарды көрген жұрт та қызыққа батты. Жігіттер 30 секунд ішінде мейлінше көп мөлшерде сусынды ішіп тауысты. Ал дала қызықтары Шалқар көлінің жағасын дүбірге толтырды. Төрт түлікті тіршілігінің тірегі етіп, төл кәсіпті түлеткен үздіктер жүлделі болды.
Баянсұлу Ахметова, этнофестивальға қатысушы:Бөшкемізді ыстаймыз. Әуелі ішіне қаймақ жағамыз, сосын тобылғымен ыстаймыз. Болғасын, саумалды әкеп құямыз. Сосын піскілейміз, мың рет. Бір күнде, күн жарымда қымыз әзір болады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16