Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты. Бір тәулікте коронавирустан 9, пневмониядан 1 адам көз жұмды.
Жалпы, өткен тәулікте 757 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. 3 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан.
Қазіргі уақытта 21 204 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде:
• 458 адамның жағдайы ауыр,
• 110 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 2 547 363-ке жетті. II компонентті алғандар саны - 1 435 334 адам.