Кадр сыртындағы комментаторлардың жұмысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кадр сыртындағы комментаторлардың жұмысы

14.06.2021

Ал осындай айтулы спорттық шараны комментатордың сүйемелдеуінсіз елестету қиын. Елімізде түрлі жарыстарды, әлемдік біріншіліктерді майын тамызып жүргізетін мамандар жетерлік. Алайда кейбір комментаторлардың қарапайым көрермен мен жаны күйіп фанат болғандарға ұнамай жататыны да бар. Десе де арнамыздан көрсетіліп жатқан футбол біріншілігін тек үздіктер жүргізіп жатыр.

Жасыл алаңдағы жан алысып, жан беріскен матчты көрерменмен бірге көріп, жан-жақты ақпарат беру, орайлы сәтте қызықты жайттар мен оқиғаларды жеткізу гарнитура тағып, алдындағы арнайы экранға үңілген комментатордың негізгі жұмысы. Бүгінде кез келген спорт трансляциясын осы мамандарсыз елестету қиын. Сондақтан Еуро бәсеке кезінде көрерменге қызмет ететін комментаторлардың таңдауға арна басшылғы ерекше көңіл аударды. Өз кезегінде сайдың тасындай іріктелген шеберлер де хабар алған сәттен бастап тыңғылықты дайындалғанын айтады.

өрермен көрмей, байқамай қалған мәліметті айту комментатор жұмысының бір ерекшелігі дейді Виктор Кирилюк Австрия мен Солтүстік Македония матчы арасындағы үзілісте.

Виктор Кирилюк, футбол комментаторы: 
Әр комментатор орта есеппен ойынға үш күндей дайындалады. Ал матч болатын күні жұмыс қыза түседі. Осы кезде кімнің алаңға шығатын, шықпайтыны белгілі болады. Міне, қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, қосымша деректер жинаймыз. Қазақ және орыс тілімен қатар  ағылшын тіліндегі ақпарат көздерін шолып отырамыз. УЕФА мен ұлттық құрамалардың ресми аккаунттарына басымдық береміз. Ойынға санаулы сәт қалғанда барлық өзгерісті сол жерден білуге болады. Соңғы өзгерістерді матч барысында көрерменге жеткізіп, хабардар етуге тырысамыз.

Яғни комментаторлардың жұмысы ақпаратқа деген қырағылықты, жылдамдықты талап етеді. Міне, осындай мамандармен бірге футбол көремін десеңіз, «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары қосулы болсын!


Хабарламаларға жазылу