EURO 2020: Бірінші тур ойындарының нәтижелері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2020: Бірінші тур ойындарының нәтижелері

14.06.2021

Футболдан Еуропа чемпионатының бірінші тур ойындары сәтті өтіп жатыр. Кеше түнде Нидерланды, Украина, Англия, Хорватия, Австрия және Солтүстік Македония құрамалары матчтарын өткізді. Қауіпті әрі қызықты сәттерге толы кездесулерге тілшіміздің шолуы.

Әйгілі Уэмбли стадионында Англия құрамасы Хорватиямен кездесті. Жартылай қорғаушы Филип Фоденнің тепкен добы хорваттықтардың қақпа бағанасына тиіп кері кетті. Ал Лука Модричтің алыстан шірене тепкен добына ағылшын қақпашысы Дин Хендерсон тосқауыл бола алды. Дегенмен, хорваттар жеңілді. 57-ші минутта Манчестер Ситидің ойыншысы Рахим Стерлинг Калвин Филипстің тамаша пасын голға айналдырып, Англияға бір ұпай әкелді.

Англия алғашқы рет тарихында Еуропа чемпионатының ойындарын жеңіспен бастады. Енді корольдіктің құрамасы Шотландиямен ойнайды.

встрия мен Солтүстік Македонияның кездесуі Бухарест стадионында өтті. Австриялықтар бірінші таймды голмен ашты. Қақпаның оң жағына берген пасына секіріп жеткен жартылай қорғаушы Штефан Лайнер пәрменді соққымен добын нысанаға дәл тигізді. Македонияның футболшыларынан Горан Пандев көзге түсті. Ол қарсыласының қателігін тиімді пайдаланып, бір ұпайды өзінің еншісіне жазды.

Тартысты ойында Австрия Солтүстік Македонияны 3:1 есебімен жеңіп, Голландиямен ойнайтын болады. Нидерланды мен Украина арасындағы матч Амстердамда өтті. Сары түсті футболшылар тарапынан өткір шабуылдар жиі кездесті.

Алайда, Шевченконың шәкірттері нидерландтықтар шеберлікпен орындаған комбинацияға төтеп бере алмады. Жоржиньо Вейналдум қақпашы Юрий Панькивтің қателігін дер кезінде пайдаланып, допты қақпаға дәл бағыттап жіберді. 04:16 Украиналықтарға бұл ойынды тең аяқтауға мүмкіндік болмады. Есеп 3:2 нидерландтықтардың жеңісімен тәмамдалды. Енді Голландия 17-ші маусым күні Австрия құрамасымен кездеседі.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу