Зейнетке шығу жасы төмендетілмейді - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетке шығу жасы төмендетілмейді - министр

14.06.2021

Қазақстандықтардың зейнетке шығу жасын төмендету туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бүгін орталық коммуникациялар қызметіне келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов осылай деді. Оның ойынша: зейнетке шығу жасын төмендетсе, адамдар тиісті жинақты жинай алмауы мүмкін және зейнетақы өте аз болады. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмаған. Бізде зейнетақы аннуитеті де ескерілген. Ер адамдар зейнетақы жинағының шекті деңгейін 55 жасқа дейін жинақтаса, өздері үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады. Бір сөзбен, зейнетке шыға беруіне болады.Көп балалы аналар жәрдемақылардың орнына әр балаға 42500 теңге төлеуді сұрап отыр. Министр қоғамда жиі көтеріліп жүрген мәселеге қатысты да пікірін білдірді.

Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Қазірдің өзінде елде 6-млн-нан астам 18-жасқа толмаған бала бар деді. Оларға 42500 теңге төлеу бюджетке тым ауыр болады. Мен айтар едім. Республикалық бюджеттің үштен бірі бізде. 

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу