Елордада картоп бағасы қайтадан түсе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада картоп бағасы қайтадан түсе бастады

14.06.2021

Елордада картоп бағасы қайтадан түсе бастады. Қазір көтерме сауда базарлары бір келісін 260-280 теңгеден сатып жатыр. Бірақ, алдағы уақытта баға тағы құбылмай ма? Ауыл шаруашылығы министрлігі не дейді? 

Бұл қала шетіндегі көтерме сауда базарларының бірі. Қазір Елордадағы ең арзан картоп осы жерде. Өйткені, мұндағы сатушылар өнімді тікелей фермерлерден алып келеді. Олар да картоптың арзандай бастағанын айтады.

Қайрат Мектепбергенов, сатушы: 
Өткен апта 350 болған. Қазір 280-260 қа түсті. Бір-екі үш күнде 200-ге дейін түседі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы да осындай. Өйткені, қазір Түркістан облысында ерте көктемде егілген картоп жинала бастады. Яғни, жақында 7 гектар аумақтан жиналған 150 мың тоннадай өнім өзге өңірлерге жеткізіледі. Бұл Солтүстіктегі картоп піскенше елді қамтуға жеткілікті,- дейді мамандар.

Назгүл Хатепова, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары: 
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметі бойынша жаңағы алқаптардан сатып алатын сатып алушылардың бағасы 175, 200 теңге. Бұл дегеніміз жаңағы тасымалдау шығындарын қос есептегенде картоптың бағасы қымбаттау мәселесі туындап отыр.

Базарда картоп арзандағанымен, қала ішіндегі дүкендерде әлі баға түспеген. Сондықтан, министрлік ортадағы алып-сатарлармен күресу үшін әкімдіктермен бірлесіп, аймақтарға Түркістан облысынан тікелей картоп жеткізу шарасын қарастырып жатыр. Сонымен қоса, сәбіз бағасын реттеу де қолға алынған. Әзірге 450 теңгеден түспей тұрған сәбіз келсі осы аптада арзндауы мүмкін. Өйткені, биылғы өнім енді пісе бастаған.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу