Каталония саясаткерлерін түрмеден босату жоспарына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталония саясаткерлерін түрмеден босату жоспарына қарсы шеру өтті

14.06.2021

Мадридте ондаған мың адам шеруге шығып, каталониялық 12 саясаткерге рақымшылық жариялауға қарсылық білдірді. Демонстранттардың сөзінше, үкіметтің сепаратистерді түрмеден шығару жоспары елдің бірлігіне қауіпті.

Каталония лидерлері 2017 жылы тәуелсіздік референдумын рұқсатсыз өткізгені үшін 9 жылдан 13 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Оларды қамаудан босатуға испаниялықтардың 63 пайызы қарсы болса, 25 пайызы бұл идеяны қолдап отыр.

Мадрид муниципиалдық полициясының дерегінше, наразылық акциясына 126 миллион адам қатысқан. Алайда, Ұлттық полицияның мәліметінше, манифестанттардың саны 25 мыңнан асқан жоқ. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу