«Welcome to Burabai» жазуын қиратқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Welcome to Burabai» жазуын қиратқандар ұсталды

14.06.2021

Бурабайдың кіреберісіндегі «Welcome to Burabai» жазуын жеңіл көлік соғып кетті. Оқиға кеше болған. «Шкода» маркалы көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізуші машинаны басқара алмай қалған. Курортты аймақтың кіреберісінде мен мұндалап тұрған жазудың күл-талқаны шықты. Зардап шеккендер жоқ. 35 жасар жүргізушіге хаттама толтырылды.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу