Көкшетауда Ashyq қосымшасын қолданушылар көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда Ashyq қосымшасын қолданушылар көбейіп келеді

14.06.2021

Көкшетауда «Ashyq» қосымшасын қолданушылар көбейіп келеді. Қазір 150-ден астам кәсіпкерлік нысан осы жүйені қолданып отыр. Олардың көбі - қоғамдық тамақтану орындары. Бизнес өкілдерінің айтуынша, бұл жобаның пайдасы көп. Жұмыс уақыты ұзарды. Қызмет көрсету орындары енді түн жарымға дейін ашық. Демалыс күндері жұмыс істеуге де рұқсат бар. Бүгінде Көкшетауда 200-ден астам кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жүйесіне қосылуға ниет білдіріп, құжаттарын әзірлеп жатыр. 

Алмас Рахматуллин, мейрамхана кешенінің басқарушысы:
Мейрамханаға «Ashyq» бағдарламасында көк және жасыл түсті статусы бар қонақтарды ғана кіргіземіз. Ал, кімде сары немесе қызыл белгі анықталса, біз бұл жайлы мониторинг топтарына хабарлауға міндеттіміз. Қазір бір мезетте 50 адамды қабылдай аламыз. Ал, бұрын «Ashyq» болмаған кезде 30 адамға дейін ғана рұқсат берілетін.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу