Өткен тәулікте 1120 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1120 адам коронавирус жұқтырған

11.06.2021

Енді елдегі эпидахулға келсек. Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр. Ал, Алматы қаласы мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында вирустың таралуы орташа болса, қалған өңірлер жасыл аймақта.

Күн сайын індетке шалдыққандар саны да азайып келеді. Кеше 1120 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, 15 адам қайтыс болған. Вирустық белгілері бар пневмонияға 70 адам шалдыққан. Ал, бүгінге дейін 2 млн 416 мың адам екпе салдырған.


Хабарламаларға жазылу