«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Еуропа біріншілігінің 51 матчын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Еуропа біріншілігінің 51 матчын көрсетеді

11.06.2021

Төрт жылда бір келетін айтулы доданы еліміздің аумағында көрсету құқығын Қазақстан корпорациясы ғана алған. Жалпы, Қазақстан Ұлттық арнасы мен «Qazsport»  арнасы футболдан Еуропа біріншілігінің 51 матчын көрсетеді.

Тікелей трансляцияларға шығармашылық және техникалық топ сақадай сай. 51 матчтың 30-ы Ұлттық арна, 28 матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойындарды жүргізетін комментаторлар қатаң іріктеуден өтті. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Дмитрий Нестеренко, Виктор Кирилюк, Әділет Құсайынов сияқты тәжірибелі мамандар бар. Олар үшін арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бүгін соңғы дайындық жұмыстары пысықталды.

Қайырхан Мәулен, футбол комментаторы:
Орыс тілінде, қазақ тілінде бас аяғы 10-15 комментатор қызмет атқарамыз. Жақсы мамандар жинастырылып жатыр. Амандық болса, осы жерде комментаторлық бөлмеде көп COPE Америкадан да, Еуропадан да күнде қандай матч бар соны көрермен тамашалай алады.

Футбол фанаттары жасыл алаңдағы тартысты бәсекені тамашалап қана қоймай, бүгіннен бастап қазақстан және қазспорт арналарынан тікелей эфирге шығатын жаңа жобаға қатыса алады. Бағдарламада спортшылар мен сарапшылар, матчтарға қатысты пікірлері мен болжамдарымен бөліседі.

Нағи Бақытбеков, «Qazsport» телеарнасының директоры:
Қазақстан Республикасының территориясында жалғыз осы Еуроны көрсетуге жалғыз осы құқықты сатып алған корпорация, сондықтан да біздің екі арнамыз ғана көрсете алады. Ешқандай арналар біздің елде трансляция құқықтары жоқ. Сондықтан да барлық футбол жанкүйерлері біздің Ұлттық арнаны және «Qazsport»-тан біздің мерекесін тамашалайды.

EURO 2020  футбол кубоғына қатысты ақпараттарды күн сайын «Таңшолпан» бағдарламасынан да көре аласыздар. Ақпараттың қорытынды жаңалықтарынан да арнайы айдар ашылып отыр. Корпорацияның ресми сайттары мен парақшаралынан да чемпионатқа қатысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктерініз бар.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу