«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы мәресіне жетті

11.06.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпаздары марапатталды. Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған шараға еліміздің 16 өңірінен 300 ден астам адам қатысты. Олар 22 этнос өкілдерінен құралған. Әлеуметтік желі арқылы өткізілген конкурсқа 5-8 сынып оқушылары атсалысып, ең көп лүпіл жиналған қатысушы жеңіске жетті. Өзге жастағы балалар үшін де акцияның 2,3-і кезеңі ұйымдастырылады. Дәстүрлі түрде өтетін шараның негізгі мақсаты - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл үйренем деушілерге қолдау көрсету. Осы арқылы қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне жеткізу.

Әділбек Қаба, ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы:
Әрбір азамат ертеңгі күні осындай шараларда ғана емес, жалпы күнделікті өмірде қолданыста, сөйлей, жаза білу керек, және оны өмірде қолдана білуі керек. Жаңылмасам 244 адам орыс ұлтының өкілінен қатысып отыр. Және олар еркін меңгеріп М.Мақатаевтің өлеңдерін жатқа оқыған кезде өйтіп қазақтың кей балдары жатқа оқи алмайды.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу