«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан EURO 2020 матчтарын көрсетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан EURO 2020 матчтарын көрсетуге дайын

11.06.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Еуропа біріншілігінің ойындарын тікелей эфирде көрсетуге дайын. Барлығы 51 матч «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан көрсетіледі. 15-ке тарта комментатор Рим мен Лондон стадиондарында өтетін ойындардың трансляциясын тікелей эфирде жүргізіп отырады. Чемпионаттың ашылу салтанатының алдында Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай футбол комментаторларымен кездесті. Эфирдің сапалы болуы тек трансляцияға ғана байланысты емес. Ойын көрсетілімдерінің тізгінін ұстап отырғандардың қызметі де зор ықпал етері анық. Қателіктерге жол бермей, бір ай бойы көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлау телерадиокорпорацияның басты міндеті. Сонымен бірге әр ойынның алдында 15 минуттық «Доп Дода» студиялық бағдарламасы эфирге шығады. Күн сайын қазақстандық жанкүйерлер футбол сарапшылары мен журналистерден тұшымды ақпарат алатын болады.

Нағи Бақытбеков, «Qazsport» телеарнасының директоры:
Қазақстан Республикасының территориясында жалғыз осы Еуроны көрсетуге жалғыз осы құқықты сатып алған корпорация, сондықтан да біздің екі арнамыз ғана көрсете алады. Ешқандай арналар біздің елде трансляция құқықтары жоқ. Сондықтан да барлық футбол жанкүйерлері біздің Ұлттық арнаны және «Qazsport»-тан біздің мерекесін тамашалайды. 

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу